Михинаның кубоктағы жаңа тәжірибесі Фото – Константин Князевич

Михинаның кубоктағы жаңа тәжірибесі

Алматыда өткен Қазақстан кубогының үшінші әрі финалдық кезеңде әйелдер арасында 200 метрге жүгіруден Риддер қаласының тумасы Элина Михина жеңіске жетті. Ол бір күн бұрын 100 метрге жүгіруден де топ жарған.

Михина негізінен орта қашықтыққа жүгіретін атлет. 400 метрге жүгіруден ұлттық құраманың №1 спортшысы. Жеке бапкер Любовь Никитенко екеуі осы жолы басқаша тәжірибе жасағанды жөн көрген екен. Элина алғашқы метрден көшбасшылықты қолға алып, мәреге жақындаған тұста жылдамдығын одан сайын ұлғайта түсті. Екінші орынға қарағандылық Любовь Ушакова ие болды. Үштікте 21 жастағы керекулік Юлия Фланчева бар.

Қазақстан кубогына бұл қашықтықтың үздігі Виктория Зябкина қатысқан жоқ. Ал ота жасатқаннан кейін жарыстарға енді-енді қатысып жүрген Ольга Сафронова 100 метрмен шектелді.

10 шілде. Қазақстан кубогының финалдық кезеңі. Алматы. 200 метрге жүгіру.
Әйелдер:

1.Элина Михина (ШҚО) – 23.4;

2. Любовь Ушакова (Қарағанды обл.) – 24.5;

3. Юлия Фланчева (Павлодар обл.) – 25.7.

Анна Буланова (Қырғызстан) – 23.7 (жарыстан тыс).

Тізімге қайта оралу