Мұз айынның мұзбалағы
90

Мұз айынның мұзбалағы

Күні кеше 19 шілде күні қапияда мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен кісі қолынан қаза тапты.

Оқиға Алматы қаласындағы Құрманғазы мен  Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, спортшыны белгісіз адамдар жазым қылған.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстанның белгілі спортшысы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Юрьевич Теннің қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қазаға байланысты көңіл айтамын.

Денис Тен мәнерлеп сырғанаудың отандық мектебін қалыптастыруға және дамытуға, Қазақстан спортын жоғары деңгейде ілгерілетуге зор үлес қосты. Оның жарқын жетістіктері еліміздің абыройын асқақтатып, жастар арасында спортты дәріптеуге септігін тигізді.

Таланты әлемнің көптеген елдерінде мойындалған Денис даңқты спортшы ғана емес, сондай-ақ бітімі ерекше тұлға, Қазақстанның нағыз патриоты еді.

Денис Юрьевич Теннің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.

Осы қылмысқа байланысты «1994 жылы Жамбыл облысында туған Қиясов Нұралы ұсталды. Ол өзінің жасаған қылмысын мойындаған.Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Екінші күдікті де анықталыпты. Бұл туралы Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр екен. Бұл туралы брифингте прокурор Берік Жүйректаев айтып берді.

Спортшыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы атынан марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Тізімге қайта оралу