Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Надежда Дубовицкая жазғы маусымға дайындықты Швейцарияда жүргізіп жатыр

26.03.2018

82
 Надежда Дубовицкая жазғы маусымға дайындықты Швейцарияда жүргізіп жатыр Фото - VKsport.kz

Биіктіктке секіруден әйелдер арасындағы еліміздегі ең үздік спортшы Надежда Дубовицкая жазғы маусымға дайындықты Швейцарияда жүргізіп жатыр. Семейлік  атлеттің барлық шығынын Altay Athletics клубы өз мойнына алып отыр.

20 жастағы Дубовицкая жеке бапкері Иван Хижняковпен бірге Швейцарияның Цюрих қаласына Астана-Киев бағыты арқылы 12 наурыз келіп жеткен.

Жаттығу жұмыстары 15 наурызда басталған. Жоспар бойынша оқу-жаттығу жиыны екі апта жалғасады. 30 наурызда спортшы елге оралады. Дубовицкаяға биіктікке секіру сайысына маманданған тәжірибелі еуропалық бапкер көмектседі.

– Барлығы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бізді керемет қарсы алды. Швейцария халқы да өте мейрімді, сыпайы екен. Ал жаттығу процесіне тоқталатын болсам, алдын-ала биіктікке секіру сайысына маманданған бапкермен келіссөз жүргізгенбіз. Ол әрбір кішкентай қателікті жақсы байқап, шеберлігім шыңдалуына көмектесіп жатыр. Мұнда Қазақстанға қарағанда спортшының өзің дамытуға мүмкіндік көп. Біздің елде негізінен үлкен қателіктерге мән беріледі. Швейцарияда әрбір ұсақ кемшіліктердің барлығын ескеруге тырысады екен, – дейді Надежда Дубовицкая.

Айта кетейік, 20 жастағы спортшы биылғы қысқы маусымда Тегеранда өткен жабық кешендегі Азия чемпионатында қола жүлде еншілеген болатын. Жеке рекорды –1.85 метр.

Тізімге қайта оралу