Надежда Дубовицкая Қазақстан кубогының финалында жеке рекордын қайталады Фото – Константин Князевич

Надежда Дубовицкая Қазақстан кубогының финалында жеке рекордын қайталады

Алматыда өткен Қазақстан кубогының үшінші яғни финалдық кезеңде 20 жастағы Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Надежда Дубовицкая сенімді түрде жеңіске жетті. Ол өзінің спорттық карьерасында екінші рет 1.85 метрге секірді.

Надежданың бұл биіктікке талпынып жүргеніне біраз болған. Бірақ әр түрлі себептерге байланысты жеке рекордын қайталаудың сәті түспей жүрген. Осы жолы жарысты 1.70. 1.75 метрлермен бастап, 1.80 метрмен жалғастырды. Сосын 1.85 метрге тапсырыс берді. Алғашқы талпынысы сәтсіз болғанымен, екінші мүмкіндігінде бағындыра алды.

Екінші және үшінші орынды – Александра Кривицкая (ШҚО) мен Кристина Овчинникова (Алматы) еншіледі. Екеуі де жарысты 1.75 метрмен аяқтады.

9 шілде. Қазақстан кубогының финалы. Биіктікке секіру.

Әйелдер:

1.Надежда Дубовицкая (ШҚО) – 1.85 м

2.Александра Кривицкая (ШҚО) – 1.75 м

3.Кристина Овчинникова (Алматы) – 1.75 м

Ұзындыққа секіруден алматылық Марина Хусейнованың жолы болды. Екінші орынға Дарина Исмаил жалғасты. Ол чемпионнан 13 сантиметрге кем секірді.

9 шілде. Қазақстан кубогының финалы. Ұзындыққа секіру.

Әйелдер:

1.Марина Хусейнова (Алматы) – 5.62 м

2. Дарина Исмаил (Алматы) – 5.49 м

Тізімге қайта оралу