Найза лақтырудан Шығыс Қазақстан спортшылары жеңіске жетті

16.05.2017

Бек Төлеуов  
152
Найза лақтырудан Шығыс Қазақстан спортшылары жеңіске жетті Артур Гафнер. Фото Эдуард Гавриш

Алматыда өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогында найза лақтыру сайысында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары топ жарды.

Қазақстан кубогының диск және найза лақтыру сайысы Орталық стадионның батыс бөлігінде өтті. Диск лақтырудан 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Мария Телушкина басты қарсыласы Эрика Кемді озып, чемпион атанды. Мария әзірге өткен жылғы көрсеткішінде қайта алмай жүр. Азия Гран-приінде, тіпті, 50 метрден аса алмаған болатын. Бұл жолы 50,24 метрге лақтырды. Бәлкім спортшыға жарақаты кедергі келтіріп жүрсе керек. Ал ерлерден Александр Мамонтов (52,27 м) үздік шықты.

Найза лақтырудан қазіргі кезде ұлттық құраманың жас көшбасшылары Варвара Назарова мен Артур Гафнер жеңіске жетті. Екі спортшы да Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысты.

Найза лақтыру. Әйелдер:

1. Варвара Назарова (Шығыс Қазақстан обл.) – 51,33 м
2. Асия Рабаева (Маңғыстау обл.) – 44,89 м
3. Екатерина Нестерова (Қарағанды обл.) – 38,04 м

Найза лақтыру.Ерлер:

1. Артур Гафнер (Шығыс Қазақстан обл.) – 71,88 м
2. Рустам Турданиязов (Южно-Казахстанская обл.) – 51,82 м
3. Мағжан Жақыпбеков (Шығыс Қазақстан обл.) – 51,38 м

Диск лақтыру. Әйелдер:

1. Мария Телушкина (Алматы) – 50,24 м
2. Эрика Кем (ғыс Қазақстан обл.) – 35,41 м

Диск лақтыру. Ерлер:

1. Александр Мамонтов (Алматы) – 52,27 м
2. Иван Иванов (Алматы обл.) – 51,03 м
3. Никита Воробьев (Солтүстік Қазақстан обл.) – 42,80 м

Тізімге қайта оралу