Нерознак Кисловодск қаласына оқу-жатығу жиындарына барады
142

Нерознак Кисловодск қаласына оқу-жатығу жиындарына барады

Жақында Иран астанасы Тегеран қаласында өткен жабық кешендегі Азия чемпионатында жеңіске жеткен Татьяна Нерознак алдағы уақытта Ресейдің Кисловодск қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Бұл туралы kazathletics.kz тілшісіне спортшының жеке бапкері Төкеш Ибраев айтты.

– Өскемендегі Қазақстан кубогының екінші және финалдық кезеңіне қатысамыз. Одан кейін Ресейдің Кисловодск қаласына оқу-жаттығу жиындарына баруды жоспарлап отырмыз. Наурыз айының соңына дейін сонда боламыз.

– Кисловодск қаласын таңдауға не себеп болды?

– Таня жазғы Азия ойындарында екі қашықтық бойынша өнер көрсетеді. 1500 метрден бөлек, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қатысады. Стипль-чез деп аталатын сайыс түріне дайындалу үшін Кисловодск қаласы өте қолайлы. Қазақстанда тек Алматы мен Шымкентте ғана мүмкіндік бар. Оның өзінде Алматыда стадионда су құйып бермейді. Ал Кисловодсктегі базада барлығы дайын. Ол жақта дәл осы сайыс түрінен Ресейдің 9 дүркін чемпионы Владимир Пронин деген бапкер бізді шақырып жүр. Оның да өзінің дайындап жүрген шәкірті бар. Сонымен бірге Татьяна жаттығатын болады.

Айта кетейік, Татьяна Нерознак Тегерандағы жабық кешендегі Азия чемпионатында 3000 метрден жүгіруден алтын, 1

500 метрге жүгіруден күміс медаль еншіледі.

Тізімге қайта оралу