Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

8

Күн
Джакарта, Индонезия
Никита Филиппов Францияда екінші орын алды
92

Никита Филиппов Францияда екінші орын алды

Қазақстандық жеңіл атлет Никита Филиппов Францияның Монбельяр қаласында өткен халықаралық турнирде сырықпен секіруден екінші орын алды.

Бұл қазақстандық жеңіл атлеттің соңғы 15 күн ішіндегі халықаралық арендағы екінші жүлдесі. Ол бұған дейін 19 мамырда Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында 5.50 метрмен чемпион атанған.

Филиппов үшін Монбельярдегі жарыс аса қатты сәтті бола қойған жоқ. Соған қарамастан ол жүлдеге ілікті. Жерлесіміз доданы 5.26 метрмен бастады. Кейіннен екі рет 5.36 метрді бағындыра алмай қойды. Соңғы мүмкідігінде 5.41 метрге талпынып көрген. Бірақ онысынан түк шыққан жоқ. Нәтижесінде 5.26 метрмен екінші орынды қанағат тұтты.

Бас жүлде Украинадан келген Владислав Малыхинге бұйырды – 5.55. Үшінші орынға испаниялық Игорь Бычков тұрақтады.

Айтпақшы, Никита осы жарыста алғаш рет Altay athletics клубының мүшесі ретінде қатысты.

Тізімге қайта оралу