Дәстүрлі Ғұсман Қосанов мемориалы жалғасады

Дәстүрлі Ғұсман Қосанов мемориалы жалғасады

Жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов мемориалы биыл 29-30 маусым күні Алматыда өтеді. Биыл осымен жарыс 28-рет ұйымдастырылып отыр.

Қазіргі кезде халықаралық жарысқа қатысуға Иран, Сирия, Грузия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Малайзия және өзіміздің Қазақстанның құрама командасы өтініш беріп үлгерді. Сондай-ақ Алматыға Бахрейн спортшылары да келуге ниетті. Бахрейн – жеңіл атлетикадан Азиядағы үздіктердің бірі.

Ғұсман Сыйтықұлы Қосанов 1935 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Изатулла ауылында дүниеге келген. Олимпиада ойындарына тұңғыш қатысқан және Олимпиада жүлдесiн тұңғыш жеңiп алған қазақ атлеті.

*Ол 1960 жылы Рим олимпиадасында күміс медальға болды. Италия астанасында 4х100 эстафеталық жарыста КСРО құрама командасы сапында Л. Бартенев, Ю. Коновалов, Э. Озолиндермен бірге мәреге екінші келді. Қосанов сондай-ақ 1960 жылғы Олимпиада ойындарында 100 метрлік қашықтықта да жарыс алаңына шыққан болатын. Жекелей сында 10,7 секунд нәтижесімен жалпы есепте 6-орынға табан тіреді.

*Ғұсман Қосановтың басқа да атақтары жетерлік. Еуропа чемпионы, КСРО чемпионатының күмiс жүлдегерi, Қазақстанның бiрнеше дүркiн чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының жеңiмпазы. Тіпті, жеңiл атлетикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері.

Тізімге қайта оралу