Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Ольга Рыпакова бүгін жарыс жолына шығады

16.07.2017

Бек Төлеуов  
155
Ольга Рыпакова бүгін жарыс жолына шығады

Бүгін түнде әлемнің үздік атлеттерінің көбісі Марокко астанасы Рабатта өтетін «Гаухар лига» сайысының 10-кезеңіне қатысады.Олардың арасында әйелдер арасында үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық Ольга Рыпакова да бар.

 Осыған дейін өткізілген 9 кезеңде әйелдер арасындағы үш қарғып секіру тек біреуінде  ғана болды. 8 маусым күні Римдегі төртінші кезеңнің бағдарламасына қосылған. Ол

кезде Венесуэла елінің өкілі Юлимар Рохас (14,84 м) жеңіске жеткен еді. Рио Олимпиадасының чемпионы Катрин Ибаргуэн (14,78 м) екінші орын алса, үздік үштіктің қатарында Ольга Рыпакова да болды.  

Алдын-ала ұсынылған хаттамада 8 спортшының есімі тіркелген. Олардың арасында Рохас жоқ. Ибаргуэн мен Рыпаковадан өзге Нубиа Соареш (Бразилия), Патрисиа Мамона (Португалия), Кимберли Уильямс (Ямайка), Параскеви Папахристу (Грекия), Габриэла Петрова (Болгария), Андреа Губелле (АҚШ) секілді спортшылар бар.

Тізімге қарап-ақ Рабаттағы лиганың тартысты болатынын болжауға болады. Жарыс жергілікті уақыт бойынща 18:10-да басталады. Астана мен Марокконың уақыт айырмашылығы 5 сағат. «Гаухар лиганы» отандық «Қазспорт» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция 00:00-де басталады.

    Айта кетейік,  Дохада басталған лига Бельгия астанасы Брюселльде аяқталады. Жалпы «Гаухар лига» 14 кезеңнен тұрады. Чемпион атанған атлетті 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы күтіп тұр. Сондай-ақ әрбір кезеңде үздік нәтиже көрсеткен спортшының қалтасы да бос қалмайды. Кезең жеңімпаздарына 10 мың доллар көлемінде сыйақы үлестіріледі.

Тізімге қайта оралу