Ольга Рыпакова 2018 жылғы  алғашқы жарысына қатысты
125

Ольга Рыпакова 2018 жылғы алғашқы жарысына қатысты

Кеше түнде Норвегия астанасы Осло қаласында «Гауһар лиганың» 2018 жылғы маусымының бесінші кезеңі өтті.

«Гауһар лиганың» Ослодағы кезеңінде үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова өнер көрсетті. Бұл жерлесіміздің осы маусымдағы алғашқы жарысы. Жалпы, бесінші кезеңде үш қарғып секіруден 9 спортшы бақ сынады. Оның ішінде норвегиялық Ютси Онстадтан басқасы осы лиганың тұрақты қатысушылары қатарынан.

Рыпакова маусымды енді бастап жатсап, Кимбели Уильямс, Тори Франклин, Катрин Ибаргуэн, Шаниека Риккетс  секілді атлеттер бұған дейін бірнеше рет жарыс жолына шыққан.

Аталған спортшылар қазіргі кезде нағыз спорттық бабтарына келіп қайғанын Ослода байқадық. Әсіресе, Олимпиада чемпионы Ибаргуэннің қарқыны сүйсінтті. Бірінші мүмкіндігінде-ақ 14.89 метрге секіріп, осы маусымдағы әлемнің үздік көрсеткішін тіркеді.

Бұдан кейін ешқайсысы колумбиялық спортшымен бас жүлдеге таласа алмады. Екінші орын америкалық Тори Франклинге бұйырды – 14.57. Бұған дейін көзге түсе алмай жүрген Тори 2018 жылды жоғары деңгейде бастады. Осының алдында Франциядағы жарыстардың бірінде 14.84 метрге секіргені бар.


Үшінші орынды Ямайкадан келген Кимберли Уильямс еншіледі – 14.50. Қазақстандық Ольга Рыпакова алтыншы орынды қанағат тұтты. Төртінші мүмкіндігінде жерлесіміз 14.12 метрді бағындырды.

Енді, келесі кезең Франция астанасы Парижде 30 маусымда өтеді. Сол кезде бәсекелестік одан сайын қызатын болады.

 7 маусым. Осло. «Гауһар лига». Бесінші кезең. Үш қарғып секіру. 

Әйелдер:

1.Катрин Ибаргуэн (Колумбия) – 14.89 метр;

2.Тори Франклин (АҚШ) – 14.57;

3. Кимберли Уильямс (Ямайка) – 14.50;

6. Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14.12

Тізімге қайта оралу