Ольга Рыпакова әлем чемпионатындағы табысы үшін 20 мың доллар көлемінде сыйақыға ие болады

09.08.2017

Бек Төлеуов  
274
Ольга Рыпакова әлем чемпионатындағы табысы үшін 20 мың доллар көлемінде сыйақыға ие болады

7 тамыз күні Лондонда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Ольга Рыпакова қола медаль жеңіп алғаны белгілі.

Рыпакова осы жетістігі үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақыға ие болады. Жарыс алдында Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығы (IAAF) чемпионаттың жалпы жүлде қорын бекіткен болатын.

Лондонда жеңіске жеткен спортшыға 60 мың доллар, 2-орынға 30 мың доллар, 3-орынға 20 мың доллар қарастырылған. Сондықтан үш қарғып секіруден қола жүлдеге ие болған жерлесіміз 20 мың доллар көлемінде сыйақы алатын болады.

 Жалпы, Халықаралық доданың жүлде қоры 7 344 000 долларды құрап отыр.

Ал әлем рекордын орнатқан спортшы 100 000 доллардан алады. Сондай-ақ үздік сегіздікке енген спортшыларда құралақан қалмайды. Жекелей және эстафеталық сайыста үздік сегіздіктен көрінген атлеттерге сыйақы қарастырылған.

Әлем рекордын орнатқан атлет арнайы Word Record Award жүлдесімен марапатталады.

Жекелей сындағы жүлде көлемі:

1-орын – 60 мың доллар

2-орын – 30 мың доллар

3-орын – 20 мың доллар

4-орын – 15 мың доллар

5-орын – 10 мың доллар

6-орын – 6 мың доллар

7-орын – 5 мың доллар

8-орын – 4 мың доллар

Эстафеталық сайыстағы жүлде қоры:

1-орын – 80 мың доллар

2-орын – 40 мың доллар

3-орын – 20 мың доллар

4-орын – 16 мың доллар

5-орын – 12 мың доллар

6-орын – 8 мың доллар

7-орын – 6 мың доллар

8-орын – 4 мың доллар.

Тізімге қайта оралу