Ольга Рыпакова алғашқы жарысын жеңіспен бастады

14.05.2017

Бек Төлеуов  
144
Ольга Рыпакова алғашқы жарысын жеңіспен бастады Ольга Рыпакова. Фото Эдуард Гавриш

Бүгін Алматыда басталған Қазақстан кубогында әйелдер арасында ұзындыққа секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға тең келер ешкім болмады.

Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап шыққан Ольга Рыпакова өзінен әлдеқайда жас атлеттермен сынға түсті. Ол 6,50 метрге секіріп чемпион атанса, күміс жүлде қарағандылық Мария Овчиниковаға бұйырды (6,07 м). Үздік үштікті алматылық Марина Хусейнова (5,75 м) қорытындылады.

– Өзімді жаттығуда жүргендей сезіндім. Бұл менің осы маусымдағы алғашқы жарысым. Сондықтан өзімнің спорттық бабыма ену үшін өте қажет, - дейді Ольга Рыпакова.

 Айта кетейік, Ольга Рыпакова ертең енді үш қарғып секіруден қатысады.

Тізімге қайта оралу