ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
Ольга Рыпакова қатысатын 2018 жылғы «Гауһар лиганың» кезеңдері
230

Ольга Рыпакова қатысатын 2018 жылғы «Гауһар лиганың» кезеңдері

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығы (IAAF) 23 қараша күні ресми сайтында 2018 жылғы «Гауһар лиганың» кезеңдері қай күні өтетінін және оған кімдердің қатысатынын хабарлады.

Жалпы «Гауһар лига» 14 кезеңнен тұрады. Оның ішінде 12-сі іріктеу және соңғы екеуі Цюрих (30 тамыз) және Брюссель (31 тамыз) финалдық кезең болып саналады. Жарыс ерлер мен әйелдердің қатысуымен 16 олимпиадалық бағдарлама бойынша өткізіледі. Финалда жеңіске жеткен атлетті 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы күтіп тұр. Сондай-ақ әрбір кезеңде үздік нәтиже көрсеткен спортшының қалтасы да бос қалмайды. Осы 14 кезеңнің ішінде Лондондағы дода ғана екі күнге жалғасады.

Еліміздегі жеңіл атлетиканы жақсы көретін жанкүйерлер мен спорт мамандары бірінші кезекте Ольга Рыпакованың жарыс кестесіне назар аударатыны анық. 2017 жылғы секілді келесі маусымда да үш қарғып секіру «Гауһар лиганың» төрт кезеңінде қамтылған. Жерлесіміз алдымен 12 мамырда Шанхайға баратын болады. Рыпакова қатысатын «Гауһар лиганың» кезеңдері:

12 мамыр  –  Шанхай (Қытай);

7 маусым  – Осло (Норвегия);+

30 маусым – Париж (Франция);

13 шілде – Рабат (Марокко);

30 тамыз – финал, Цюрих (Швейцария).

Айта кетейік, биыл 24 тамызда Цюрихте өткен финалдық кезеңде Ольга Рыпакова чемпион атанған болатын.

Тізімге қайта оралу