Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Ольга Рыпакова Азияның арнайы сыйлығымен марапатталды

03.11.2017

43
Ольга Рыпакова Азияның арнайы сыйлығымен марапатталды

Бүгін Өскеменде өткен «Altay Athletics» клубының таныстырылымында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға арнайы жүлде табысталды.

Қазіргі таңдағы еліміздегі титулы ең көп спортшы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының жүлдесімен марапатталды. Бұл сыйлық Рыпаковаға Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы табысы үшін берілді. Ольга Бразилиядағы төрт жылдықтың басты додасына  сары құрлықтан барған жеңіл атлеттердің үздіктерінің бірі болған еді.Оны Шығыс Қазақстан облысының әкімі ДаниалАхметов табыстады.

 – Барлықтарыңызға осындай құрмет көрсетіп, жылы қабылдап жатқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Құрметті Даниал Кенжетайұлы клубқа мүше спортшылардың атынан жеңіл атлетиканы дамытуға қосып жатқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін.Әрине, сіздің және жанкүйерлердің сенімін ақтау үшін аянып қалмасымыз анық. «Спорт падишасына» деген құрметтеріңіз үшін барлығыңыз рахмет айтамын, – дейді Ольга Рыпакова. 

Айта кетейік, жаңадан құрылған «ALTAY athletics» құрамына жеті спортшы еніп отыр. Рыпаковадан бөлек, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас атлеттер Варвара Назарова мен Артур Гафнер бар. Сондай-ақ Кениядан 4 спортшы шақырылды. Атап айтсақ, 17 жастағы стайер яғни ұзақ қашықтыққа жүігертін Шэдрак Кимутаи Коич, оның тәжірибелі отандастары Каролин Чипкоич Кипкируи, Тануи Нора Джируто, Дэйзи Джипкемей.

Тізімге қайта оралу