1-ші деңгейлі TOECS курсы

Есептегіш

9

Күн
Алматы, Қазақстан

Ольга Рыпакова биыл әлемдегі ең үздік нәтижені көрсетті

19.05.2017

Бек Төлеуов  
169
Ольга Рыпакова биыл әлемдегі ең үздік нәтижені көрсетті Қазақстан кубогы, Ольга Рыпакова. Фото Эдуарда Гавриша

Үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова биылғы маусымдағы алғашқы жарысын Қазақстан кубогынан бастады. Шығыс Қазақстан облысының атлеті үшін бұл додада топ жару басты мақсат емес еді. Бірақ соған қарамастан Ольга 14.45 метрге секірді. Бұл көрсеткіш осы маусымдағы әлемдегі әзірге ең үздік нәтиже!

Қазақстан кубогындағы үш қарғып секіру сайысы 14 мамырда Алматыдағы орталық стадионда өтті. Спортшының әкесі әрі жеке бапкеріСергей Алексеевқызы бұл додада барлық күшін салмағанын жаттығудай жүргендей өнер көрсеткенін айтады. Соған қарамастан Олимпиада чемпионы үш мүмкіндігінде 4-13 тамыз аралығында Лондонда өтетін әлем чемпионатының нормативін орындады.

Рыпакова екінші мүмкіндігінде 14.33 метр, төртіншісінде – 14.45, бесіншісінде – 14.29 метрге секірді. Ал әлем чемпионатының нормативі тура – 14 метр. Әзірге үш қарғып секірушілер арасында бұл маусымда әлемде Ольгадан басқа 14.45 метрге секірген ешкім жоқ. Екінші орында бразилиялық Нубия Соарес (14.35).Үздік үштікте ямайкалық Кимберли Уильямс бар. Ол биыл 14.32 метрге секірген.

Айта кетейік,Ольга Рыпакованыңәлемдегі негізгі қарсыластары өнер көрсетуді бастап кеткен. Мысалы, 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері Юлимар Рохас (Венесуэла) әзірге 13.95 метрмен тоғызыншы орында тұр.

Ольга енді 8 маусымда Италия астанасы Рим қаласында өтетін Гаухар лигаға қатысуды жоспарлап отыр.

Тізімге қайта оралу