Ольга Рыпакова елге оралды
Бек Төлеуов  

Ольга Рыпакова елге оралды

Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында үш қарғып секіруден қола жүлде жеңіп алған Ольга Рыпакова туған жеріне оралды.

Ұлыбритания астанасынан бүгін Өскеменге жеткен спортшыны жанкүйерлер ерекше ықыласпен күтіп алды. Енді Ольга «Гаухар лиганың» кезекті екі кезеңіне қатысады. Алдымен 20 тамызда Бирмингемде өнер көрсетеді. Сосын 24 тамызда Швейцарияның Цюрих қаласына барады.


– Пекиндегі әлем чемпионаты мен Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарынан кейін Лондонда алтын жүлде аламын деп үміттеніп едім. Сол үшін қолымнан келгеннің бәрін аянып қалмадым.  Бірақ биылғы жылы Юлимар Рохас пен Катрин Ибаргуэн өте мықты. Дегенмен жарыс барысында аса қатты басымдық таныта алмады. Үшінші мүмкіндігімде 14, 77 метрге секірдім. Осыдан кейін қатты шаршап қалдым. Сондықтан нәтижемді әріқарай жақсартуға келмеді. Бұл жүлдеме көңілім толады. Енді алда екі жарыс бар. Яғни «Гаухар лига» сайысына қатысамын. Үйден жырақ жүргеніме бір ай болды. Балаларымды көруге қатты асықтым, – дейді спортшы.

Айта кетейік, Рыпакова Лондонда 14, 77 метрге секіріп, қола медаль жеңіп алды. 

Тізімге қайта оралу