Ольга Рыпакова жүлдесіне арналған халықаралық жарысқа 10 ел қатысады
189

Ольга Рыпакова жүлдесіне арналған халықаралық жарысқа 10 ел қатысады

Ертең 20 қаңтар күні Өскеменде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жүлдесіне арналған IV халықаралық турнир өтеді.

Бұл жарыс биылғы жылы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының күнтізбесіне енгізілген.

Жыл сайын турнирдің географиялық ауқымы үлкейіп келеді. Былтырғы жылы Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Қырғызстан, Армения, Малайзия, Қазақстан спортшылары қатысқан.

Үш жылдың ішінде көптеген жоғары нәтижелер тіркелді. Жеке рекордтарын жаңартқан спортшылар да жетерлік. Мысалы, 400 метрге жүгірген Михаил Литвинді айтуға болады. Ал Виктория Зябкина үш жыл қатарынан 60 метрден ешкімге жеңісті берген жоқ.  Ал Александра Романова  (400 м және  4х400 метрлік аралас эстафета), Әйгерім Шыназбекова (60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Екатерина Эктова (ұзындыққа секіру), Элина Михина (400 м және  4х400 метрлік аралас эстафета), Ирина Эктова (ұзындыққа және үш қарғып секіру), Регина Кайсарова (биіктікке секіру), Михаил Литвин (400 м), Виатлий Земс (60 м), Сергей Тулапин (800 м және 4х400 метрлік аралас эстафета)), Андрей Соколов (400 м және  4х400 метрлік аралас эстафета) екі мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген.

Ал биыл Украина, Малайзия, Армения, Грузия, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан атлеттері қатысады. Жарыс 20 қаңтар күні 10:00-де басталады.

Тізімге қайта оралу