Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир қаңтар айында өтеді

18.10.2017

97
Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир қаңтар айында өтеді

Азия жеңіл атлетика қауымдастығы 2018 жылғы жарыстардың күнтізбесін жасады. Бұл тізімге Қазақстаннан 2 халықаралық турнир еніп отыр.

20 қаңтар күні Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған дәстүрлі халықаралық жарыс өз жалауын көтереді. Бұл дода осымен төртінші рет ұйымдастырылмақ. Биылғы жылы ақпан айында өткізілген үшінші турнирге 8 елдің спортшылары келіп қатысқан болатын.

Одан кейін 28-29 маусымда Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосановты еске түсіруге арналған XXVIII халықаралық жарыс өтеді. Аталған мемориалда қатысушылар 30 жекелеген сайыс бойынша сынға түседі (15-і ерлер, 15-і әйелдер арасында). Ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде 100 метрге жүгіргендердің ішінде үздік шыққан атлетке арнайы сыйлық тағайындайды.

Тізімге қайта оралу