Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

2

Күн
Дунгань, Қытай

Ольга Рыпакова Алматыда жаттығады

16.06.2017

Бек Төлеуов  
211
Ольга Рыпакова Алматыда жаттығады Ольга Рыпакова. Фото Изтургана Алдауева

Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова жақында Римде өткен «Гаухар лигада» қола жүлде жеңіп алған еді. Спортшы алдағы Рабатта өтетін кезеңге де қатысуды жоспарлап отыр. Оған дейін Рыпакова Алматыда жаттығады.

Италия астанасында өткен төртінші кезеңде жерлесіміз 14.64 метрге секіріп, тұғырдың үшінші сатысынан көрінген еді. Бірінші және екінші орынды Юлимар Рохас мен Катрин Ибаргуэн бөліскен болатын.

Еуропадан жүлделі оралған Ольга енді Алматыда жаттығады. Сосын Олимпиада чемпионы 16 шілде күні Марокконың Рабат қаласында өтетін кезеңге қатысады.

– Ольга Рабатқа дейін Алматыда дайындалатын болады. Әрине, туған жеріміз Өскеменде манеж бар. Бірақ жарысқа таза ауада, стадионда дайындалған дұрыс қой. Желдің жылдамдығын және басқа да факторларды ескеруге мүмкіндік болады. Мұның бәрі жарыс кезінде өте маңызды. Әзірге Қазақстанда халықаралық талапқа сай келетін Алматыдағы Орталық стадион ғана. Сондықтан Рыпакова бір ай бойы Алматыда дайындалады», дейді спортшының жары әрі бапкері Денис Рыпаков.

Тізімге қайта оралу