ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
Ольга Рыпакова Париждегі «Гауһар лигада» бақ сынайды
51

Ольга Рыпакова Париждегі «Гауһар лигада» бақ сынайды

30 маусым күні жеңіл атлетикадағы ең беделді коммерциялық жарыс «Гауһар лиганың» жетінші кезеңін Франция астанасы Париж қаласы қабылдайды.

Бұл кезеңде әйелдер арасындағы үш қарғып секіруде бар. Оған елімізден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қатысады. Бұған дейін үш қарғып секіру сайысы 12 мамырда Қытайдың Шанхай, 7 маусымда Норвегияның Осло қаласындағы кезеңдерде болған.

Парижде кезеңде жеңіл атлетиканың дәл осы сайыс түрінен үздік дегендердің барлығын көретін боламыз. Бұған дейін 2017 жылы әлем чемпионы Юлимар Рохасты байқамап едік. Венесуэла спортшысы «Гауһар лиганы» Парижден бастамақ.

Одан бөлек, Олимпиада чемпионы Катрин Ибаргуэн (Колумбия), Торт Франклин (АҚШ) секілді үздіктер бар.

Айта кетейік, Рыпакова Ослода 14.12 метрмен алтыншы орынды қанағат тұтқан. Бірінші орынды Ибаргуэн жеңіп алған еді (14.89 м).

Тізімге қайта оралу