Ольга Рыпакова Париждегі «Гауһар лигаға» қатысты
118

Ольга Рыпакова Париждегі «Гауһар лигаға» қатысты

30 маусым күні жеңіл атлетикадағы ең беделді коммерциялық жарыс «Гауһар лиганың» жетінші кезеңі Франция астанасы Париж қаласында өтті.

Парижде әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысына әлем чемпионы Юлимар Рохастан басқа мықтылардың барлығы қатысты.

2016 жылғы Олимпиада чемпионы колумбиялық Катрин Ибаргуэн өзінің нағыз бабында екенін тағы да байқатты. Ол бұған дейін 12 мамырда Қытайдың Шанхай, 7 маусымда Норвегияның Осло қаласындағы кезеңдерде топ жарған. Осы жолы да сол биігінен түскен жоқ. 14.83 метрмен тағы да чемпион атанды. Екінші орын соңғы кездері жақсы көтеріліп келе жатқан ямайкалық Кимберли Уильямске бұйырды (14.56 м). Үштікте биылғы маусымның жаңалығы болған АҚШ спортшысы Тори Франклин бар (14.49 м).

Ал төртінші орын алған неміс Кристин Гириш (14.42 м) пен француз Руги Диалло (14.27 м) төртінші және бесінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ жеке рекордтарын орнатты.

Еліміздің атынан қатысқан Ольга Рыпакова бұл жолы 14.25 метрге секірді. Мұның алдында Ослодағы ең үздік көрсеткіші 14.06 метр болған.Бұл нәтижесімен отандасымыз сегізінші орынға тұрақтады. Рыпакова тек француз қызы Жанин Ассани-Юсуф (14.16 м), Израильден келген Анна Князева-Миненко (14.04 м) және 2017 жылғы Пан-Америка ойындарының чемпионы бразилиялқ Нубие Соарестен (13.94 м) озды.

30 маусым, Париж. «Гауһар лига-2018» Жетінші кезең.Үш қарғып секіру. 

Әйелдер:

1.Катрин Ибаргуэн (Колумбия) – 14.83 метр;

2.Кимберли Уильямс (Ямайка) – 14.56;

3.Тори Франклин (АҚШ) – 14.49;

...

8.Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14.25.

Тізімге қайта оралу