Ольга Рыпакова Рабаттағы «Гауһар лигада» бақ сынады
87

Ольга Рыпакова Рабаттағы «Гауһар лигада» бақ сынады

Марокко астанасы Рабат қаласында «Гауһар лигасының» тоғызыншы кезеңі аяқталды. Бұл кезеңдегі бағдарламаларға үш қарғып секіру сайысы кірген екен. Елімізден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қатысты.

Ольга үшін биылғы маусымдағы ең басты меже – жазғы Азия ойындарында топ жару. Индонезия астанасындағы жарыс кезінде спорттық бабына енуді көздейтін атлеттің әзірге нәтижесі жоғары емес.

Рабатта колумбиялық Катрин Ибаргуэн осы маусымдағы ең үздік нәтижені тіркеді. Ол Марокко астанасында 14.96 метрге секірді.

Барлығынан басынан бастасақ. Алғашында үш қарғып секіру сайысында 8 спортшы бақ сынайды делінген. Кейіннен француз қызы Жанин Асани Юссуфтің орнына танымал болгариялық атлет Габриэлла Петкова пен бразилиялық Нубия Соарес қосылды. Мықтылардан тек Юлимар Рохас болмады.

Ольганың бұл кеште жоғары нәтиже көрсетпейтіні алғашқы мүмкіндігінде байқалды. Ол алты рет секірді, соның төртеуі есепке алынды (13.77; 13.59; Х; 13.83; 13.72). Ішінде ең жоғары нәтижесі – 13.83 метр. Бұған дейін ол 30 маусымда Парижде 14.25 метрге секірген. Жалпы есепте сегізінші орын.

Катрин Ибаргуэн 14.96 метрмен жарыстың рекордын орнатып әрі осы маусымдағы үздік көрсеткішті тіркелді. Екінші орынға ямайкалық Кимберли Уильямс (14.47) тұрақтаса, үштікте Америкадан келген Тори Франклин (14.42) бар. Осы екеуін болашақта Ибаргуэннің ізбасары болады деген болжам бар.

Тізімге қайта оралу