Ольга Рыпакова Римдегі «Гаухар лигада» қола жүлде еншіледі

09.06.2017

Бек Төлеуов  
124
Ольга Рыпакова Римдегі «Гаухар лигада» қола жүлде еншіледі Ольга Рыпакова

Италия астанасы Римде жеңіл атлетикадан «Гаухар лига» сайысының төртінші кезеңі аяқталды. Отандастарымыздың арасында қатысқан жалғыз атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден қола медаль жеңіп алды.

Лондон Олимпиадасының чемпионының Римдегі ең жоғарғы көрсеткіші 14.64 метр болды. Әзірге бұл жерлесіміздің осы маусымдағы ең үздік нәтижесі. Соның арқасында Рыпакова үштіктің қатарынан көрінді. Бұл сайыста Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Юлимар Рохас чемпион атанды. Венесуэла елінің өкілі 14.84 метрге секірді. Ал Олимпиада чемпионы колумбиялық Катрин Ибаргуэн 14.78 метрмен жарысты екінші орынмен аяқтады.

Бұл үштік өткен жылы Рио Олимпиадасының тұғырынан да көрінген болатын. Тек ол кезде Ибаргуэн чемпион атанып, Рохас күміс медаль қанағат тұтқан еді.

Сондай-ақ Римдегі «Гаухар лига» кезеңінде Рио Олимпиадасында финалында өнер көрсеткен Патрисия Мамона (Португалия), Кимберли Уильямс (Ямайка) және Параскеви Папахристу (Грекия) және 2011 жылы әлем чемпионы украиналық Ольга Саладуха да бақ сынады.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысы «Гаухар лиганың» биылғы маусымында алғаш рет қосылып отыр. Алғашқы үш кезеңде жарыс бағдарламасында болмады.

Төртінші кезеңнен кейін Юлимар Рохас сегіз, Катрин Ибаруэн жеті, Ольга Рыпакова алты ұпай жинады. Үш қарғып секіру финалға дейін төрт жарыс кезеңіне енгізілген.

Биыл лига Дохада басталып, Бельгия астанасы Брюселльде аяқталады. Жалпы «Гаухар лига» 14 кезеңнен тұрады. Барлық кезеңдерінде жеңіске жеткен атлетті 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы күтіп тұр. Сондай-ақ әрбір кезеңде үздік нәтиже көрсеткен спортшының қалтасы да бос қалмайды. Осы 14 кезеңнің ішінде Лондондағы дода ғана екі күнге жалғасады. Ең маңыздысы Брюссель мен Цюрихтегі соңғы кезеңдер. Жарыс ерлер мен әйел атлеттердің қатысуымен 16 олимпиадалық бағдарлама бойынша өткізіледі.

Биыл лига Дохада басталып, Бельгия астанасы Брюселльде аяқталады. Жалпы «Гаухар лига» 14 кезеңнен тұрады. Чемпион атанған атлетті 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы күтіп тұр. Сондай-ақ әрбір кезеңде үздік нәтиже көрсеткен спортшының қалтасы да бос қалмайды. Кезең жеңімпаздарына 10 мың доллар көлемінде сыйақы үлестіріледі.

Тізімге қайта оралу