Ольга Рыпакова ресми түрде Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері

Ольга Рыпакова ресми түрде Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері

Еліміздің қазіргі таңдағы ең үздік жеңіл атлеті, құрама команданың көшбасшыс ы Ольга Рыпакова ресми түрде 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қытайдағы Олимпиада ойындарында Рыпакова төртінші орынға табан тіреген еді. Алайда, сол жолы әйелдер арасындағы үш қарғып секіруден грекиялық Хрисопия Девеци допингпен ұсталып, қола жүлде қазақстандық спортшыға бұйырды. Допинг дауы мұнымен де тоқтамады. Осындай рұқсат етілмеген препараттарды қолданды деп ресейлік Татьяна Лебедева ұсталды. Спортшы 20008 жылы екінші орын алған. Енді, міне, жақында Лебедева ресми түрде жүлдегерлер қатарынан шығарылды. Екінші орынға жерлесіміз Ольга Рыпакова орналасты. IAAF сайты өз парақшасында қазақстандық спортшыны күміс жүлде иегері деп жариялап үлгерді. Лебедева мен Девеци шеттетілді. 

Тізімге қайта оралу