Ольга Сафронова Германияда емделеді
306

Ольга Сафронова Германияда емделеді

Еліміздегі үздік спринтерлердің бірі Ольга Сафронова қазан-қараша айларында Германияда болады.

Ольганың ата-анасы соңғы 2 жыл көлемінде Германияның Нюрнберг қаласында тұрады. Анасы мен ағасы да кезінде жеңіл атлетикамен айналысқан. 25 жастағы спринтер бұл жолы еңбек демалысында туған туыстарын көру үшін ғана емес, жарақатын емдеу үшін барды. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы спортшының Германияда емделуіне мүмкіндік жасап отыр. 

Сафронова ол жақта жарақатын емдетіп, сауықтыру курсынан өтеді. Өйткені биылғы маусымда Павлодар облысының намысын қорғап жүрген атлетті бірнеше мәрте жарақаты мазалаған болатын. Мысалы, сәуір айында Азия Гран-приінің екінші кезеңінде тіпті жүгіре алмады.  


Айта кетейік, Ольга Сафронова 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. Өткен маусымда 100 метрге жүгіруден Қазақстан рекордын жаңартты –11,09.

Ал биыл Үндістанның Бхуанбешвар қаласындағы өткен Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Түркіменстандағы жабық кешендегі Азия ойындарында 60 метрге жүгіріп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Тізімге қайта оралу