Олимпиада алтынына алты жыл
57

Олимпиада алтынына алты жыл

Үш қарғып секіруші Ольга Рыпакова 2012 жылдың 6 тамызында Лондонда өткен Олимипиада ойындарында топ жарған болатын.

Биыл жерлесіміздің сол бір тарихи жеңісіне алты жыл толып отыр. Лондонда Рыпакова Қазақстан жеңіл атлеттері арасынан жалғыз өзі финалда өнер көрсеткен еді Іріктеу кезеңінде 14.79 метрмен бірінші орында тұрса, финалда 14.98 метрге секіріп, чемпион атанды.

Одан бері Ольга 2015 және 2017 жылдары әлем чемпионатында, 2016 жылы Рио Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды. Енді 30 тамыз күні Жакартадағы жазғы Азия ойындарында өнер көрсетеді.

Үш қарғып секірудің әлемдік рекорды украиналық Инесса Кравецке тиесілі (15.50 м). Ал Рыпакова жеке рекордын 2010 жылы Хорватиядағы турнирде орнатқан – 15,25 метр.

Тізімге қайта оралу