Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

10

Күн
Джакарта, Индонезия
О марафон, қатысу – жүгіру мен жүлде алу!
Нұрғазы САСАЕВ  
409

О марафон, қатысу – жүгіру мен жүлде алу!

Астанада Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының қолдауымен өтетін марафонның “боладысы” кемеліне жетіп, қызып-ақ тұр.

Соңғы жылдары бүкіл әлемде көпшіліктің қатысуымен өтетін жүгіру шаралары көбейіп барады. Асыра сілтегендігіміз емес, кейінгі кезде осындай марафондар саны көбейіп келеді. Осы шараларға қатысушылар саны жыл сайын өсіп барады. Мәселен, 2013 жылы Нью-Йоркте өткен бір марафонға 50 мыңнан астам адам қатысқан.

Әлемнің өркениетті қалаларының барлығының дерлік өз марафондары бар. «Бостон марафоны», «Нью-Йорк марафоны», «Лондон марафоны»... осылай-осылай кете береді. Құдды, ірі мегаполистердің салауатты өмір салтына деген көзқарастары осы марафондарының бедел-деңгейімен өлшенетіндей...

Бұлай дейтін себебіміз, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) әйгілі марафондарды деңгейлеріне қарай жіктеп, оларға арнайы мәртебе берген. Оның халықаралық атауы – лейбл. Атап айтқанда, Алтын, Күміс және Қола лейбл деп бөлінеді. Мысалы, “Road Race Gold Label IAAF” санатына Бостон, Нью-Йорк, Чикаго, Лондон, Токио, Берлин, Париж, Рим, Шаңхай марафондары (және т.б.) жатады (қатысатын адамдардың саны 30 мыңнан асып жығылады).

Осы ретте айта кетерлігі, бұл марафондардың бәрінде жеңімпаз бен алдыңғы лекте келгендерге (мәселен, 1-9 орын алғандарға) қомақты көлемде ақшалай жүлде табысталады. Мысалы, 2012 жылы Берлин марафонынының ерлер және әйелдер арасындағы жеңімпаздарына (әрқайсысына) 500 мың АҚШ доллары көлемінде сыйлық берілген.

Өркениетті қалаларда марафонға қатысушылардың тым көптігінен ниет білдірушілердің бәрі қатыса алмайды. Бостон марафонында іріктеу нормативтері қойылған. Ал Нью-Йорк және Берлин марафондары тіпті ниет білдірушілер арасында лотерея өткізуге де мәжбүр болған...

Негізі, марафонның денсаулыққа пайдасы да көп. Оның бәрін тізіп шықпай-ақ, ең негізгілеріне тоқталар болсақ: қай айналым жүйесін жақсартады; жүректің жұмысын реттейді; іш-құрылысты зиянды заттардан тазартады; жасаушаларды қалпына келтіреді және т.б.с.с.

Испания ғалымдары тіпті егде тартқан марафоншылардың сүйектері ұзақ уақыт бойы қартаюға (кәрілікке) бой бермейтіндігін дәлелдеген көрінеді. Сондай-ақ, бауырдың қызметінің бұзылуына мейілінше жол бермейтіндігі де айтылып жүр. Тіпті есте сақтау қабілетіне өте пайдалы екендігін де естиміз...        

Бірақ марафонға дайындықсыз қатысуға болмайды. Міндетті түрде жаттығып, біраз уақыт әзірлену керек. Әйтпесе, алысқа қашықтықтарға жүгіргенде өкше, табан, тізені жарақаттап алу қауіпі – басым. Бұл ретте, мамандардың ақыл-кеңесіне жүгінген дұрыс.

Марафон Астанада да өткізіліп тұрады. Тіпті халықаралық деңгейде де ұйымдастырылып отырады. Бірақ бұл жолғы марафонның, яғни Шаңхай ынтымақтастық ұйымы марафонының жөні бөлек, маңызы зор. Бұл шара ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткізіледі.

Бас қаламыздың марафоншылар жүгіретін жолдарын IAAF мамандарының өздері тексеріп, өте жоғары баға беріп отыр. «Теңіз деңгейінен 350 метр биіктікте орналасқан, халықаралық талапқа сай» екендігі ерекше ескеріліп, қызығушылық білдіріліпті де...

Ал біз бұл марафон Астанадағы беделді спорттық шараның алғашқы баспалдағы деп үміттенеміз. Болашақта біздің бас қаламыздың марафоны да бүкіл әлем спортшылары, жеңілатлеттері қызығады, “Road Race Label IAAF” мәртебесіне ие болады деп сенеміз. 

Тізімге қайта оралу