Қонақ үй де Рыпакованы мақтан тұтады Лондон. Тамыз. Гуомэн қонақ үйінің кіре берісінде.
Нұрғазы САСАЕВ  
337

Қонақ үй де Рыпакованы мақтан тұтады

Лондондағы Қазақстан спортшылары орналасқан қонақ үй өздерінде тұратын спортшылардың әлем чемпионатында жүлдеге іліккендерін мақтан тұтады.

Қазақстан спортшылары бұған дейін жазғанымыздай, Тауэр көпірінің мүйісіндегі, Темза өзенінің жағасындағы Гуомэн қонақ үйіне (Guoman Hotel) орналасқан. Бұл қонақ үйде бірнеше елдің спотшылары тұрады. Солардың біразы ХVІ әлем чемпионатында жүлдеге ілігіп, чемпион болып та жатыр.

Guoman Hotel қызметкерлері олардың бәрін мақтан тұтады. Қабырғаға есімдерін жазып қойған. Күнде жаңа жүлдегерлердің аты-жөндерін қосып отырады. Мен Ольга Рыпакованың да есімі осы тақтаға қосылғанын байқап, суретке түсіріп жатыр едім:

Рыпакова өзі көрсе тіпті жақсы болар еді, әрі біз оның қолтаңбасын алғымыз келеді. Байқайсыз ба, жүлдегерлердің барлығының дерлік қолтаңбасы бар, – деді волонтерлардың бірі күлімсіреп.

Мен «Ольга елге ұшып кетті» деп едім, олар әжептәуір өкініп қалды. Біреуі марапаттау рәсімінде Рыпакованың жеңіс тұғырында тұрған сәтін қалта телефонына түсіріп алыпты. Сонысын ашып, дабдырлап сөйлеп, көрсетіп жатыр...

Кеше кешке дейін Гуомэн қонақ үйіне тұратын спортшылар екі алтын, бес күміс, екі қола жеңіп алды. Әлем чемпионаты аяқталғанша, жүлдегерлер саны көбейе түсетініне ұйымдастырушылар мен волонтерлар бек сенімді. 

Тізімге қайта оралу