Қазақстанда төрешілер мен бапкерлерге арналған орталық ашылды

14.04.2017

Бек Төлеуов  
120
Қазақстанда  төрешілер мен бапкерлерге арналған орталық ашылды Фото iaaf.org

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бастамасымен бапкерлер мен төрешілер арналған ғылыми-техникалық орталық ашылды.

Орталықтың басты міндеті – халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) стандарттары негізінде мамандарды оқыту.

Оқу және сертификация жүйесі (CECS) бірнеше деңгейді қамтиды. Алғашқысы балалармен жұмыс істеуден басталса, бесінші халықаралық дәрежеге дейін (халықаралық IAAF академиясының біліктілігін қамтамасыз ету) жетеді. Қазақстандағы орталық алғашқы үш деңгей бойынша оқытады. Олар – балалар бапкері қызметі, көптүрлі жеңіл атлетика (жасөспірімдер жұмыс істеу), сондай-ақ элиталық жеңіл атлетика (ұлттық құрама мүшелері және халықаралық жарыстарға қатысушылармен жұмыс істеу).

Бір курстың орташа ұзақтығы екі аптаға созылады. Курста теориялық және практикалық сабақтар болады. Оқу аяқталған соң, емтихан тапсыру жағы қарастырылған. Сондай-ақ IAAF сертификты тапсырылады.

Сонымен қатар осы жүйе бойынша төрешілерді оқыту да көзделген. Орталық жетекшісі, IAAF лекторы, жоғары дәрежелі ұлттық төреші, өскемендік – Александр Кругликов.

Отандық мамандардан бөлек, шетелден дәріс оқуға білікті мамандар шақырылуы мүмкін. Ғылыми-техникалық орталық алғашқы қадамды 7 сәуірде шығыстағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика базасында өскемендік бапкерлерді оқытудан бастады.

Тізімге қайта оралу