Орта қашықтықтың алтыны өзге елдің спортшыларының еншісінде кетті

25.06.2017

Бек Төлеуов  
107
Орта қашықтықтың алтыны өзге елдің спортшыларының еншісінде кетті Орта қашықтықтың алтыны өзге елдің спортшыларының еншісінде кетті

Алматыда өткен Ғұсман Қосанов мемориалында орта қашықтықта жүгіруден алтын медальдың бәрі өзге елдің спортшыларының еншісінде кетті.

Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде үндістандық Раджив Арокиа барлығынан жылдам болып шықты. Тәжікстан спортшысы Даврон Атабаев екінші орын алды. Қола жүлде қазақстандық Андрей Соколовқа бұйырды.

Қыздардан өскемендік 22 жастағы атлет Элина Михина фаворит болатын. Бірақ финалда ол үнді қызы Мачеттире Пооваммеден қалып қойды.

1500 метрдің алтыны көрші Қырғызстан елінің өкілі Гүлшаной Сатарованың еншісінде кетті. Ал күміс пен қола жүлдені Қазақстанның қос спортшысы өзара бөлісті.

Ерлерден бұл қашықтықта бақ сынаған жерлесіміз Алексей Гусаров екі бірдей Иран елінің спортшысына ілесе алмай, қоланы қанағат тұтты.

400 метрге жүгіру

Ерлер:

1. Раджив Арокиа (Үндістан) – 46,13 с

2. Даврон Атабаев (Тәжікстан) – 47,60 с

3. Андрей Соколов (Қазақстан) – 47,76

Әйелдер:

1. Пувамма раджу Мачеттира (Үндістан) – 53,23 с

2. Элина Михина (Қазақстан) – 53,63 с

3. Джисна Матев (Үндістан) – 53,70 с

1500 метрге жүгіру

Ерлер:

1. Мосием Ниадуст (Иран) – 3:51,33 мин

2. Хоссейн Кейхани (Иран) – 3:52,06 мин

3. Алексей Гусаров (Қазақстан) – 3:53,90 мин

Әйелдер:

1. Гульшаной Сатарова (Қырғызстан) – 4:32,24 мин

2. Евгения Фандюшина (Қазақстан) – 4:34,19 мин

3. Алиса Мырзабек (Қырғызстан) – 4:35,23 мин

Тізімге қайта оралу