Өскеменде өткен Атқару комитетінің отырысында 9 мәселе қарастырылды

03.11.2017

391
Өскеменде өткен Атқару комитетінің отырысында 9 мәселе қарастырылды

Бүгін Өскемен қаласында ҚР жеңіл атлетика федерациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті.

 Отырыста 9 мәселе қарастырылды. Оның ішінде ұйымның 2018 жылғы бюджеті мен атқаратын іс-шаралары талқыланады. Жиынды Атқару комитеті төрағасының міндетін атқарушы, ҚР жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Эльдар Табанов жүргізді. Қатысушылар қатарында комитет мүшелері Алексей Кондрат (Федерацияның вице-президенті), Қуандық Елжанов (мемлекеттік жаттықтырушы), Григорий Егоров (ұлттық құраманың бас бапкері), Серік Қасқабаев (ҰОК бас директоры), Лашын Аймағамбетов (Федерацияның бас хатшыс). Сондай-ақ Александр Кругликов (ҒТО директоры), Денис Рыпаков (Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетика федерациясының президенті), Александр Кощеев (ҚР жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры), Асқар Можанов (Шығыс Қазақстан облысының спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы),Әлібек Нұрғожаев (Алматы қалалық жеңіл атлетика федерациясының өкілі) қонақ ретінде шақырылды.

   Отырыста қарастырылыған сұрақтарға тоқталып өтсек:

1.Жеңіл атлеткадан халықаралық және республикалық жарыстардың күнтізбесі; 

2. Федерацияның қаржылық-күнтізбелік жоспарын бекіту; 

3.«Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы» ҚҰ-ның бюджетін бекіту; 
4.«Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы» ҚҰ-ның тәртіптік регламентін бекіту;

5.  Жеңіл атлетикадан өтетін жарыстардың регламентін келісу;     
6. Жеңіл атлетикадан ұлттық құраманы жасақтау; 

7.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 1345 қаулысына өзгерту енгізу туралы ұсыныс жасау: 
  
8. ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасау; 
9. Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясы Конференциясының кезектен тыс отырысына шақыру және Конференцияның кезектен тыс отырысының қорытынды күн тәртібін бекіту туралы. 

Атқару комитетінің 1 және 5-тармақтардағы шешімдері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетіне жіберіледі. 

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрамаға үміткерлердің тізімі (6-тармақ) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган белгілеген конкурстық комиссияға Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының кандидатураларын қарау үшін ұсынылады. 

7 және 8-тармақтар бойынша ұсыныстар тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Алғашқы сұрақ бойынша 2018 жылғы күнтізбелік жоспар бекітіліп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жолданатын болды.

Сондай-ақ Федерацияның қаржылық-күнтізбелік жоспары және  2018 жылғы бюджеті қарастырылып, шешім қабылданды.

Ал төртінші сұрақ бойынша федерацияның заңгерлері дайындаған тәртіптік-регламент жобасы отырысқа қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Келесі жылы жеңіл атлетикадан өтетін жарыстардың регламенті отырыс барысында талқыланып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жіберілді.

ҚР жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Григорий Егоров спортшылардың 2017 жылғы көрсеткен нәтижелеріне сараптап комитет отырысында ұсыныс жасады. Талқылауға сәйкес құрама үш категория бойынша жасақталатын болды. А тобына әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген көшбасшылар енсе, В тобында эстафеталық сайыстарға қатысушылар мен құрлықтық және өзге додаларда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүргендер ілікті. С тобы болашағынан үлкен үміт күттіретін жастардан жасақталған.

Атқару комитетінің мүшелері сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша ҚР құрама командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу бекіту туралы» № 1345 қаулысына өзгерту енгізу туралы ұсыныс жасады.

Мысалы, жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының нормативі Олимпиададан жоғары. Алайда спортшыларға берілетін сыйақы көлемі арасында алшақтық көп. Олимпиада чемпионы 250 мың АҚШ долларын алса, әлем чемпионына 15 мың доллар көлемінде ғана қарастырылған. Сондықтан сыйақы көлемін тағайындауды қайта қарастыру туралы мәселе көтеріліп, тиісті ведомстволарға жіберілетін болды.

Одан бөлек, отырыста спорттық атақтар, разряд және біліктілік санаттарын көтермелеу қажеттілігі айтылды. Яғни ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасалды.

Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясы Конференциясының кезектен тыс отырысы 7 желтоқсан күні өткізілетін болып бекітілді.

Тізімге қайта оралу