Овчинникова биылғы маусымды бірінші орынмен аяқтады
286

Овчинникова биылғы маусымды бірінші орынмен аяқтады

Үш қарғып секіруден 2017 жылғы Азия чемпионы Мария Овчинникова жастар арасындағы әлемдік рейтингте биылғы маусымды бірінші орынмен аяқтады.

Мария – 1998 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. Спортшы маусым айында Ғұсман Қосанов мемориалында 13,94 метрге секіріп, өзінің спорттық карьерасындағы әзірге ең үздік нәтижесін көрсетті. Осы көрсеткішінің арқасында ол 20 жасқа дейінгі атлет арасында бірінші орынды ешкімге берген жоқ.  Бұған дейін Овчинникованың жеке рекорды – 13,67 метр болатын.

Биылғы жылы жерлесіміздің рекордын тек Беларусь қызы Виолетта Скворцова ғана қайталады. Ол 21 шілде күні Италиядағы турнирлердің бірінде 13,94 метрге секірді

Алғашқы бестікке сондай-ақ Давислейди Веласко (Куба) – 13.72,   Илионис Гуйаллуме (Франция) – 13.65 және 13,64 метрге секірген Наоми Огбита (Великобретания), Квуджиао Тан (Қытай),Александра Найчева (Болгария) секілді үш спортшы еніп отыр

Овчинникова Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен Азия чемпионатында 13,72 метрге секіріп, чемпион атанды. Одан кейін Ашхабадтағы Азия ойындарында күміс медальға ие болды. 

Тізімге қайта оралу