Овчинникова, Ермакова жастар арасындағы ел чемпионатына қатысады

Овчинникова, Ермакова жастар арасындағы ел чемпионатына қатысады

Өскеменде жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді.

Жарыс 19-20 ақпанға жоспарланған. Ел чемпионатында 1996 жылдан бері туған атлеттердің барлығына қатысуға болады. Алдын-ала мәлімет бойынша еліміздің 10 облысы мен Астана және Алматы қаласы өтініш білдірген. Спортшысы жоқ облыстардың қатарында Жамбыл, БҚО, Ақтөбе, Атырау бар.

Чемпионатта ересектер арасында да жоғары нәтижелерге жетіп жүрген атлеттер бар. Мысалы, жақында Иранда өткен жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпаздары Анастасия Ермакова (сырықпен секіру) мен Аделина Ахметов (4х400 метрлік эстафета) Өскеменде өнер көрсететін болады.

Сондай-ақ өтініш бергендердің қатарында ағайынды Виталий және Вячеслав Земсты, Любовь Ушакова, Мария Овчинникова секілді қарағандылық танымал спортшыларды байқадық. Алматылық биіктікке секіруші Роман Лошкарев та өз бағын сынамақ.

Тізімге қайта оралу