Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден 34 жыл сақталған Қазақстан рекордын жаңартты Фото Константин Князевич
113

Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден 34 жыл сақталған Қазақстан рекордын жаңартты

Алматыда өткен Ғұсман Қосановты еске түсіруге арналған дәстүрлі Мемориалда ерлер арасында 400 метрге жүгіруден Михаил Литвин чемпион атанды.

Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы жеңіске жетіп ғана қоймай, Қазақстанның рекордын жаңартты. 22 жастағы атлет 400 метрді 45.50 секундта жүгіріп өтті.

Литвин алғашқы метрден қарқынын үдетіп, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Соңғы сәтке дейін жылдамдығын бәсеңдетпеген спортшы мәреге жеткенде 34 жыл бойы жаңармаған Қазақстан рекордына өзгеріс енгізді.

Бұған дейінгі Қазақстан рекорды Александр Курочкинге тиесілі. Ол 1984 жылы аталған қашықтықты 45.52 секундта жүгіріп өткен. Ал Михаилдың бұған дейінгі жеке рекорды 46.08 секунд болған. Қосанов Мемориалында ол 2015 жылғы жеке рекордын бірден 0,58 секундқа жаңартты.

29 маусым. Алматы. XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы. 400 метрге жүгіру.

Ерлер:

1. Михаил Литвин (Қазақстан) – 45.50 сек

2. Григорий Дерепаскин (Тәжікстан) – 47.60

3. Андрей Соколов (Қазақстан) – 47.70.

Тізімге қайта оралу