Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Пилипенко мен Шыназбекова үздіктер қатарында

02.05.2017

Бек Төлеуов  
189
Пилипенко мен Шыназбекова үздіктер қатарында

Жеңіл атлетикадан Қытайлық Тайбэйде өткен Азия Гран-приінің үшінші кезеңінде 100 метрге тосқауылдар (барьер) арқылы жүгіруден сынға түскен қазақстандық Анастасия Пилипенко мен Әйгерім Шыназбекова жүлделі орыннан көрінді.

Анастасия Пилипенко Азия Гран-приінің үш кезеңінде де алғашқы үштіктен табылды. Бірінші кезеңде – қола, екінші кезеңде – күміс медаль еншілеген болатын. Бұл жолы тағы да екінші орынға тұрақтады. Жерлесіміз мәре сызығын 13,41 секундта қиып өтті. Ал Цзясиндегі екінші кезеңнің жеңімпазы Әйгерім Шыназбекова Тайэбэйде қола жүлдемен шектелді. Мәреге жапониялық Шимуре Хитоми бірінші келді. Оның уақыт көрсеткіші – 13,37 секунд.

Айта кетейік, Азия Гран-приінде спортшылар 18 бағдарлама бойынша сынға түсті. Оның ішінде тоғызы ерлер арасында, қалған тоғызы әйелдерге арналған. Жалпы командалық есепте Қытайдан кейінгі екінші орынға тұрақтадық. Қазақстан құрамасы үш кезеңде 9 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Тізімге қайта оралу