Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Әпкесі мен сіңілісі Олимпиада ойындарына қатысқан ару

06.08.2017

Нұрғазы САСАЕВ  
264
Әпкесі мен сіңілісі Олимпиада ойындарына қатысқан ару Марафоншы Елена Наназиашвили. Фото: kazathletics.kz

Бүгін марафоншылар арасындағы аламан бәйгеде біздің елдің намысын көпшілікке беймәлім Елена Наназиашвили қорғайды.

Елена Наназиашвили 10 шақты жыл болды, Америкада тұрады (Айова штатында, Де-Мойн қаласында). Бірақ Қазақстан азаматшасы, Алматыда туған. Туыстарының көбісі кіндік қаны тамған отанында тұрады. Тұрмысқа шыққан. Сөйтіп, күйеуінің тегіне көшкен. Негізі, оның тегі – Шатная. Бұл спорт жанкүйерлерінің көбісіне таныс болар...

Бұлай дейтін себебіміз, апалы-сіңілі Шатнаялар – елімізге танымал спортшылар. Әпкесі Галина Шатная биылға дейін «суда мәнерлеп жүзу» деп аталып келген спорт түрінде ел намысын қорғаған. Әлия Кәрімова екеуі 2000 жылы Сидней Олимпиадасына қатысқан. Спорт журналисі Иван Резванцевке тұрмысқа шыққан.

Сіңілісі Екатерина Шатная үшсайыстан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында біраз жыл өнер көрсетіп, 2004 жылы Афины Олимпиадасына қатысқан. Енді, міне, өзі Лондондағы әлем чемпионатында біздің елдің намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды...

Елена Наназиашвилидің әпкесі мен сіңілісінен айырмашылығы, спортпен әуесқой тұрғыда айналысады. Негізі, өзі қаржы холдингінде жұмыс жасайды. Бос уақытында жүгіреді. Биыл мамыр айында Юджин қаласында өткен марафонда 2-орын алып, 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 44 минут 12 секунд ішінде жүгіріп өткен. Яғни әлем чемпионаты нормативін (2:45:00) орындады.

Туған елінің, яғни Қазақстанның намысын қорғауға ниет білдірген өзі екен. Бұл күнде үлкен спортпен қоштасып, бапкерлік қызметпен айналысқалы жүрген Галина мен Екатеринаға «енді менің кезегім келді» деп, Қазақстан құрамасы сапына қосылған. Жалпы, Шатнаялардың тағы біреуі бар. Бірақ ең кішілері Аня спорт емес, білім «қуып» кетіпті. Содан соң інісі бар. Бәрі – бес ағайынды.

Мамыр айында әлем чемпионатында бақ сынау құқығына ие болдым. Енді, ел намысын абыроймен қорғап шыққым келеді. Бар ойым – бүкіләлемдік IAAF рейтингісінде неғұрлым жоғары өрлеу. Ал басты мақсатым – Олимпиада ойындарына қатысу, – деп ағынан жарылды, ақжарқын Елена...

Тізімге қайта оралу