Спорттық жүрістен әлем кубогы 2018

Есептегіш

8

Күн
Тайцанг, Қытай

Подебрадыда ел намысын қорғайтын атлеттер

06.04.2018

56
Подебрадыда ел намысын қорғайтын атлеттер

Ертең, 7 сәуірде Чехияның Подебрады қаласында спорттық жүрістен дәстүрлі халықаралық жарыс өтеді.

Қазақстан спортшылары әр түрлі жас категориясында өнер көрсетеді. Виталий Терехин – ерлер арасындағы 20 шақырымдық қашықтықта жарысады. Валентина Залевская мен Екатерина Шлыкова жасөспірімдер арасындағы 10 шақырымға қатысады. Сондай-ақ 2001 жылдан бері қарай туған балалар арасында Кристина Морозоваға сенім артылып отыр (5 шақырым).

Морозова Солтүстік Қазақстан тумасы. Қалған үшеуі Алматы қаласынан. Былтыр Подобредыға Терехин мен Залевская барған болатын. Ол кезде Терехин 49 спортшының арасынан 16-орын алған. Оның үстіне 20 шақырымды 1 сағат 28 минут 6 секундта жүріп өтіп, спорт шебері нормативін орындаған еді.

Айта кетейік, былтыр Чехияда ерлер арасында Виталий Терехиннен бөлек, Заманбек Бабабек өнер көрсеткен.

Тізімге қайта оралу