XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

5

Күн
Алматы

Полянский Азия чемпионатын алтыншы орынмен аяқтады

07.07.2017

Бек Төлеуов  
223
Полянский Азия чемпионатын алтыншы орынмен аяқтады

Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды. Құрлық біріншілігіне тұңғыш қатысқан қарағандылық сырықпен секіруші Данил Полянский алтыншы орын алды.

Бхубанешвардағы Азия чемпионатында Данил 5,20 метрге секірді. Жерлесіміз осы көрсеткішінің арқасында алтыншы орынға табан тіреді.

Ал чемпион қытайлық Дин Банчао болды. Оның көрсеткіші – 5,65 метр. Екінші орын алған жапониялық Масаи Эджиманың да нәтижесі де осындай. Бірақ Күншығыс елінің спортшысы 5,65 метрді бірнеше мүмкіндігінен кейін ғана бағындырды. Сондықтан күмісті қанағат тұтты. Қола жүлде филиппиндік Эрнест Джон Обиенаға бұйырды «5,50 метр).

Азия чемпионаты - 2017. Бхубанешвар, Үндістан.

Сырықпен секіру, ерлер.

1. Дин Банчао (Қытай) –5,65 м
2. Масаи Эджима (Жапонияя) – 5,65 м
3. Эрнест Джон Обиена (Филиппин) – 5,50 м
….6. Данил Полянский (Қазақстан) – 5,20 м

Тізімге қайта оралу