Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Спринтерлердің мықтысы Григорьев пен Зябкина болып тұр

25.06.2017

Бек Төлеуов  
149
Спринтерлердің мықтысы Григорьев пен Зябкина болып тұр Владислав Григорьев 100 метрде де, 200 метрде де алдына жан салмады

Алматыда өткен 27-ші Ғұсман Қосанов мемориалының екінші күнінде жеңіл атлетика мамандары мен жанкүйерлер негізінен 200 метрге жүгіруші Ольга Сафронова әлем чемпионатының нормативін орындайды деп күткен еді.

Лондонда өтетін әлем чемпионатының нормативі – 23.10 секунд. Өкінішке қарай, тағы да санаулы секундтар жетпей қалды. Соңғы 2 аптаның ішінде Сафронова үш бірдей жарысқа қатысты. Қазақстан чемпионатында Ольга бұл қашықтықты 23,19 секундта бағындырған еді. Өткен аптада Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Татьяна Колпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде мәреге 23,14 секундта жеткен еді. Бұл жолғы көрсеткіші – 23.15 секунд.

200 метрдің алтыны Виктория Зябкинаға бұйырды. Алматылық атлет әлем чемпионатының нормативін Қазақстан кубогында орындап тастаған. Күмісті  Сафронова, қоланы үнді қызы Дути Чанд жеңіп алды.

Ерлерден Владислав Григорьев жеңіске жетті. Ол 100 метрге жүгіруден де алтын алған болатын. 20 жастағы қарағандылық спортшы мәре сызығын 20.71 секундта кесті.

200 метрге жүгіру (25 маусым)

Ерлер:

1. Владислав Григорьев (Қазақстан)  – 20.71 с

2. Якуб Салем (Бахрейн) – 21.42 с

3. Вячеслав Земс (Қазақстан) – 21.57 с

Қыздар:

1. Виктория Зябкина (Қазақстан)  – 23.01 с

2. Ольга Сафронова (Қазақстан) – 23.15 с

3. Чанд Дути (Үндістан) – 23.70 с.

Тізімге қайта оралу