Спринтерлердің үздігі –  Каспер мен Григорьев Фото – Константин Князевич

Спринтерлердің үздігі – Каспер мен Григорьев

Алматыда Қазақстан кубогының финалдық кезеңі аяқталды. Ерлер арасында 100 метрге жүгіруден Александр Каспер, 200 метрге жүгіруден Владислав Григорьевтің бағы жанды.

100 метрге жүгіргендердің арасында негізгі бәсекелес астаналық Александр Каспер мен Қарағандыдан келген Виталий Земс арасында өрбіді. Елорданың атынан қатысса да, Алматыда жаттығатын Касперге жеке бапкері Никитенко қалай дұрыс жүгіру керектігін айтып тұрды. Қосанов Мемориалында Александр өзінің жеке рекордын жаңартқан 10.58. Бұл жолы 10.75 секундпен жеңіске жетті. Виталий Земс мәреге екінші келді (10.98). Үштікте тәжірибелі Григорий Володин бар (11.06).

9 шілде. Қазақстан кубогының финалдық кезеңі. 100 метрге жүгіру.

Ерлер:

1. Александр Каспер (Астана) – 10.75 сек.

2. Виталий Земс (Қарағанды облысы) – 10.98 сек.

3. Григорий Володин (Алматы облысыы) – 11.06 сек..

Ал 200 метрге алғашында күітлген Владислав Григорьевке тең келер ешкім болмады. Екінші және үшінші орынды алматылық Нұрбек Кенжебеков пен керекулік Виктор Рябов өзара бөлісті.

10 шілде. Қазақстан кубогының финалы: 200 метрге жүгіру.

Ерлер:

1. Владислав Григорьев (Қарағанды облысы) – 20.7 сек.

2. Нұрбек Кенжебеков (Алматы) – 22.1 сек.

3.Виктор Рябов (Павлодар облысы) – 22.1 сек.

Тізімге қайта оралу