Спорттық жүрістен әлем кубогы 2018

Есептегіш

8

Күн
Тайцанг, Қытай

ҚР жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің мүшесі «Отан» орденімен марапатталды

15.12.2017

176
ҚР жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің мүшесі «Отан» орденімен марапатталды

Бүгін 15 желтоқсан күні яғни Тәуелсіздік күні қарсаңында жылдағы дәстүр бойынша президент Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуына еңбек сіңірген азаматтарға мемлекеттік наградалар мен мемлекеттік сыйақылар табыстады.

Олардың арасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те бар. ҚР жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің мүшесі әрі Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетика федерациясының президенті «Отан» орденімен марапатталды.

«Отан» ордені 1993 жылы Қазақстан Президентінің жарлығымен белгіленген. Бұл орденмен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы, мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия мен әлеуметтік прогресті дамытудағы ерекше еңбегі үшін марапатталады.


Тізімге қайта оралу