Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

8

Күн
Джакарта, Индонезия
 ҚР ҰОК ардагер жеңіл атлтет Әмин Тұяқовты құттықтады
246

ҚР ҰОК ардагер жеңіл атлтет Әмин Тұяқовты құттықтады

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті спорт күнінің қарсаңында Қазақстан спортының ардагерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шара Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылды.

Бұл шараға Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттары мен ірі халықаралық жарыстарда топ жарған даңқты спортшылар, Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасының спортына еңбегі сіңген қайраткерлер шақырылған. Олардың арасында еліміздің даңқты жеңіл атлеті Әмин Тұяқов та бар.

– Спорттың біздің өмірімізде алар орны ерекше. Елбасымыз спортшылар біздің абыройымызды асқақтатады және олардың жеңісінің құрметіне еліміздің әнұраны шырқалып, көк уымыз биікте желбірейді деп үнемі айтып келеді. Алдағы уақытта еліміздің атын әлемге танытатын талантты жас спортшылар көп болуын шын жүректен тілеймін», – деді Әмин Елемесұлы.


Биыл 80 жасқа толған КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО 6 дүркін чемпионы және қазақ жеңіл атлетикасының тұңғыш рекордшысына  ҰОК аталған игілікті шараға бастамашы болғаны үшін алғысын білдірді.

Тізімге қайта оралу