Роман Валиев Жапониядан алтыншы орынмен оралды

23.05.2017

Бек Төлеуов  
108
Роман Валиев Жапониядан алтыншы орынмен оралды Роман Валиев, үш қарғып секіру, Жапония, жеңіл атлетика

Жапонияның Кавасаки қаласында өткен жеңіл атлетикадан әлем турнирдің кезеңіне қазақстандық үш қарғып секіруші Роман Валиевте қатысып қайтты.

Роман алғашқы мүмкіндігінде 16,04 метрге секірді. Бұл оның осы маусымдағы ең үздік көрсеткіші. Екінші мүмкіндігінде 16,03 метр болса, үшіншісінде 16 метрге де жетпеді. Сөйтіп, жарысты 16,04 метрмен аяқтады. Бұл нәтиже оның осы сайыста алтыншы орын алуына септігін тигізді.

Кавасакиде қытайлық У Жуйтинс 17,18 метрге секіріп, чемпион атанды. Жеңімпаздан 21 сантиметрге қалып қойған америкалыққ Дональд Скотт (16,97 метр) екінші орын алды. Үздік үштікте тағы бір АҚШ өкілі Мэтью О’Нил (16,81 метр) бар. Сондай-алғашқы бестікке жапон Рема Ямамото мен қытай атлеті Цао Шу енді. Негізі Цао осы жарыстың фавориттерінің бірі болған. Бұған дейін ол 2013 Азия чемпионы атанған, 2014 жылы Инчхонда Азия ойындарын ұтып алған. Бірақ Кавасакиде бесінші орыннан әрі аса алмады.

Айта кетейік, Роман Валиев осымен биылғы маусымдағы төртінші жарысына қатысып отыр. Ол бұған дейін Азия Гран-приінің үш кезеңінде де өнер көрсеткен еді. Біреуінде күміс медаль алған болатын. Лондонда өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін 16.80 метрге секіруге керек. Әзірге Валиевтің көрсеткіші нормативке жақындамайды.

Тізімге қайта оралу