Роман Валиев – күміс жүлдегер

28.04.2017

Бек Төлеуов  
159
Роман Валиев – күміс жүлдегер

Қытайдың Цзясин қаласында өткен Азия Гран-приінің екінші кезеңінде жігіттерден жалғыз жүлде түсті. Бұл жолы үш қарғып секіруші Роман Валиев екінші орын алды.

Валиев финалда қытайлық спортшыға есе жіберіп қойды. Жерлесіміздің үш мүмкіндігінде ең жоғары көрсеткіші – 15,98 метр болды. Ал қытайлық спортшы 16,59 метрге секірді. Қола жүлде таиландтық Пратчая Теппаракқа (15,95) бұйырды.

Роман Азия Гран-приінің бірінші кезеңінде бесінші орыннан аса алмаған еді. Бұл жолы жүлделі орыннан көрініп отыр. Жалпы, Азия Гран-приіне ерлер құрамасынан 4 спортшы барған еді. Екінші кезеңде 400 метрге жүгіруші Михаил Литвин төртінші, Юрий Дергачев (биіктікке секіру) пен Иван Иванов (ядро серпу) бесінші орыннан көрінді.

Бұл жолы үш қарғып секіруден бірінші кезеңде жеңіске жеткен Дун Бинь қатысқан жоқ. Алда үшінші кезең бар. Соңғы кезеңде 30 сәуірде Тайбэйде өтеді. Қазақстан спортшылары әзірге 12 медаль еншілеп үлгерді.

Тізімге қайта оралу