Рыпакова мен Овчинникова Олимпиада стипендиясына ие болды
191

Рыпакова мен Овчинникова Олимпиада стипендиясына ие болды

Халықаралық Олимпиада комитеті «Олмпиадалық ынтамақтастық» бағдарламасы аясында 24 қазақстандық спортшыға стипендия тағайындады.

Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылы Жапония астанасы Токио Олимпиадасында жүлдеге ілігеді деген спортшыларды таңдап алған. ОЛарға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әр ай сайын ынталандыру мақсатында стипендия төлеп отырады. Сол үшін ХОК қосымша қаржы бөлген.

Тізімге енген спортшылар арасында екі жеңіл атлет бар. Біреуі – Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, екіншісі – 2017 жылғы Азия чемпионы Мария Овичинникова. Екеуі де үш қарғып секіру сайысының өкілдері.

«Олимпиадалық стипендия беру туралы ХОК бағдарламасы келешегі мол спортшыларды ұзақ мерзімді қаржылай қолдауға бағытталған. Біз спортшылардың тізімін ұлттық федерациялармен ақылдаса отыра жасадық. Сосын кеңейтілген тізімді ХОК-қа жолдадық. Олар өздері тізімнен 24 спортшыны таңдап алып, кімге стипендия беру керектігі шешті», – дейді ҚР ҰОК Халықаралық қарым-қатынастар департаментінің директоры Әлімжан Ақаев.

Тізімде сондай-ақ өзге спорт түрлерінен Назым Қызайбай (бокс), Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Карина Горичева (ауыр атлетика), Екатерина Ларионова (әйелдер күресі), Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі), Дариға Шәкімова (бокс), Дмитрий Баландин (жүзу), Елдос Сметов (дзюдо), Василий Левит (бокс), Мейрамбек Айнағұлов (күрес), Қайрат Ералиев (бокс), Абылайхан Жүсіпов (бокс), Әбілхан Аманқұл (бокс), Кирилл Герасименко (үстел теннисі), Сергей Емельянов (каноэ), Андрей Ергучев (каноэ), Дәулет Ниязбеков (күрес), Қайрат Сарымсақов (таэквондо), Алексей Луценко (велоспорт), Сұлтан Түзелбаев (садақпен ату), Санжар Мұсаев (садақпен ату), Денис Галкин (садақпен ату) бар.

Тізімге қайта оралу