Рыпакова мен Зябкина жылдың үздік спортшысы атануға үміткер
252

Рыпакова мен Зябкина жылдың үздік спортшысы атануға үміткер

Республикалық танымал спорт порталы Vesti.kz 2017 жылды қорытындылап, үздік спортшыны анықтауды бастап кетті.

Үміткерлер арасында 25 спортшы бар. Оның 15-і ер атлет болса, 10-ы әйел спортшы. Солардың арасында жеңіл атлет –Ольга Рыпакова мен Виктория Зябкина да бар.

Рыпакова биылғы маусымда халықаралық аренада табысты өнер көрсетті. Цюрихте өткен «Гаухар лиганың» финалдық кезеңінде жеңіске жетті. Лондондағы әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі. Сондай-ақ Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарынан екі алтынмен оралды.

  Ал Зябкина сәуірде Азия Гран—приінің үш кезеңінде жеңісті ешкімге бермеді.  Одан кейін Бхубанешвардағы Азия чемпионатында тағы да хет-трик жасады. Сондай-ақ Түркіменстан астанасында 60 метрге жүгіруден топ жарды.

 Дауыс беру 17 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тізімге қайта оралу