Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

«Сайрам» балалар үйі спорт мерекесіне дайындалып жатыр

24.10.2017

78
«Сайрам» балалар үйі спорт мерекесіне дайындалып жатыр

25 қазан күні Қазақстан жеңіл атлетика федарациясы ғылыми-техникалық орталығының өкілдері және жаттықтырушылары Шымкент қалалық «Сайрам» балалар үйінің 11-14 жас аралағындағы тәрбиеленушілерімен кездесу өткізеді.

Бұл кездесу Қазақстанның өзге қалаларында өтетін осындай жоспарлы шараларға үлгі болмақ. Яғни, жеңіл атлетика барлығына қол жетімді спорт екенін көрсетуі тиіс.

Орталықтың мамандары балаларға «Салауатты өмір салты және жеңіл атлетика спорты барлығына арналған» деген тақырыпта дәріс оқиды. Сондай-ақ «Kids Athletics» бағдарламасы бойынша жарыс өткізеді. 

Одан бөлек федерация қызметкерлері балаларға диплом, сыйлық ретінде спорттық құрал жабдықтар мен ойыншықтар дайындап отыр.

Аталған іс-шара «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен өткізіледі.

Айта кетейік, осының алдында Қарағандыда  облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің алғашқы жаттығулары өткен болатын. 

Тізімге қайта оралу