Салтанат Түйтебаев Малагадағы марафонның күміс жүлдегері атанды

12.12.2017

147
 Салтанат Түйтебаев Малагадағы марафонның күміс жүлдегері атанды

Испанияның оңтүстігіндегі Малага қаласында халықаралық Zurich Marathon Malaga марафоны өтті. Оған Еуропа, Азия, Африка құрлығынан 3000-ға жуық әр түрлі жастағы жүгірушілер қатысты.

Олардың арасында қазақстандық 72 жастағы ардагер жеңіл атлет Салтанат Түйтебаев та бар. Астаналық марафоншы 70-74 жастағылардың арасындағы топта жүгіріп, мәреге 3:51.45 сағатта жетті. Түйтебаевтың алдын бельгиялық Роланду Буссемару орап кетті (3:43.59). Үшінші орын испаниялық Хуан Навиоға бұйырды (3:54.18).

Айта кетейік, Салтанат Түйтебаев биыл Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанды. 

Тізімге қайта оралу