Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Сарифа Рзакулиева Бангоктан қола жүлде еншіледі

25.05.2017

Бек Төлеуов  
156
Сарифа Рзакулиева Бангоктан қола жүлде еншіледі Сарифа Рзакулиева

Таиланд астанасы Бангокта жеңіл атлетика түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алматылық Сарифа Рзакулиева жетісайыстан сынға түсіп, қола жүлде еншіледі.

Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жетісайыс екі күн қатарынан өткізілді.

Сарифа салқынқандылық танытып, Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жетісайыстың әрбір түрінде фотоапарат пен камера ұстаған қыз-жігіттер біздің спортшының әрбір қимылын түсірумен болды. Соған қарамастан Сарифа өз толқынысын жеңе білді. Сөйтіп, жанкүйерлердің сенімін ақтап, жүлдеге ілікті. Бірақ 1-3 мамырда Алматыда өткен Қазақстан чемпионатындағы нәтижесін қайталай алмайды. Дегенмен 100 метрге кедергілер арқылы жүгіру мен биіктікке секірудегі көрсеткішін жақсартыпты.

Айта кетейік, Бангоктағы Азия чемпионатына Қазақстаннан 26 спортшы қатысты. Сарифаның алдында үш қарғып секіруден Лаура Ахметова күміс медаль еншілеген еді. 

Тізімге қайта оралу