Өскемендіктер Ольга Рыпакованы күтіп алды

29.08.2017

Бек Төлеуов  
194
Өскемендіктер Ольга Рыпакованы күтіп алды

Швейцарияның Цюрих қаласындағы «Летцигрунд» стадионында өткен 2017 жылғы «Гауһар лиганың» бірінші финалдық кезеңінде жеңімпаз атанған Ольга Рыпакованы жерлестері әуежайдан күтіп алды.

Өскемен қаласының әуежайына жанкүйерлері, спорт сүйер қауым мен қалалық билік өкілдері жиналды.

«Туған қалам әрдайым мені құшақ жайып қарсы алады. Өзімнің туған жерім, сүйікті қалам, Өскеменге келгеніме қуаныштымын. Маған барынша қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлерім мен жерлестеріме алғысым шексіз. Сіздердің білдірген сенімдеріңіз бен көрсеткен қолдауларыңыз маған күш береді. Бұл біздің ортақ жеңіс», – деді өз сөзінде О.Рыпакова.


Айта кетейік, Ольга Рыпакова осы маусымда алғаш рет Юлимар Рохас пен Катерин Ибаргуэнді басып озып, «Гаухар лиганың» чемпионы атанды. 2012 жылғы Олимпиада чемпионы 14,55 метрге секірді. Әлем чемпионы Юлимар Рохас 14,52 метрмен екінші орынды қанағат тұтты. Үздік үштікке 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы 14 48 колумбиялық Ибаргуэн бар.

Биылғы жылы үш қарғып секіру сайысы Рим, Рабат, Монако және Бирменгем қалаларындағы кезеңдерде болды. Финалда іріктеу кезеңіндегі ұпайлар ескерілмейді Әрбір сайыс бойынша жеңімпаз атанған 50 мың АҚШ долларына ие болады. Бүгінгі жеңісінің арқасында қазақстандық спортшы осындай қомақты қаржыға қол жеткізді. 

Тізімге қайта оралу